Posted in

ӘЛІПТІҢ АРТЫН (АҚЫРЫН, АЯҒЫН) БАҚТЫ (КҮТТІ)

Жағдай не болатынын аңдады; артын күтті. ~ Асқардың ашуы алқымына келіп қап еді: «әліптің артын бағайын» деді ішінен. С.Мұқ. ~ Бірақ, бұның үндей қоятын түрін көрмегесін: – Әліптің артын бағайық,– деп, бұл үшін де жауапты өзі берді де, шығып кетті. Ә.Нұрп. ~ Және бұл шаруаны екі–үш күннің ішінде жасайсыңдар. Содан кейін әліптің артын бағып, тұра тұрыңдар, дәл бұлай боп кете бермес… Т.Әл. ~ Бүгін басқарманың егін басында бұлармен бірге жүрісінің тегін емес екенін іші сезіп, әліптің ақырын күтті. О.Сәр ~ Әбсаттар әліптің аяғын күтті. О.Сәр.