Өлеңді әуенге салып, ән қылып айтты. ~ Ақын мен жыршының арасындағы айырмашылық ақын өлеңді өз жанынан сол сәтінде шығарады (импровизация), ал жыршы көбінесе даяр өлеңдерді әнге қосып айтады. С.Мұқ. ~ Жас ақын ел ішіне әлі тарай қоймаған “Іле сипаты” деген толғауын әнге қосып, шырқай жөнеліп еді. Т.Рыск.
Сезімін, сүйгенін, туған жерін т.с.с. ән қылып жырлады, әнін арнады. ~ Сүйіктісінің зейінділігіне, тапқырлығына ырза болған Қайып: Ақбөбек артық еді-ау ақыл-айлаң, Тар жерде тиюші еді-ау талай пайдаң — деп тамсана әнге қосты. Ү.Жәл. ~ Түн рақатын жаман даусымен өзінше әнге қосқан бір құрбақа қарсы алдымыздан бақылдады. К.Сег.