Қызуы қайтты, қарқыны кеміді. ~ Ақ көбік болып терлеген қос қарекер құтырына жұлқып тартқан әпігі басылып, бағанағыдай емес. О.Бөк. ~ Артиллериялық ұзақ атқылаудан кейін барып әйелдің әпігі әзер басылғандай болды. Гаубицаның толассыз төмпештеуінен есеңгіреп қалдым. Т.Сәу. ~ «Жүре берсін, бізге керегі осындай қазақтар шығар». Әпігі басылып, есін жинаған соң анау Қисық хан моласы жатқан төбеден асып, қоңыр өгізге мінгесіп ұзап кеткен Көкебай мен ұлының соңынан көз талдыра ұзақ қарады. О.Бөк. ~ Май құйрықты қорғасын оқ анадағы бір сүйкеп өткеннен кейін Байжанның әпігі басылған. Т.Сәу. ~ Өстіп тұрғанда адамның әпігі басылады, жайма-шуақ қалыпқа келіп, салиқалы, сабырлы әңгімені қоздата бастайды. М.Қаб.
