Posted in

ӘППАҚ ҚУДАЙ (БОЛДЫ)

Жүзінде қан-сөл жоқ, боп-боз. ~ Тап намаздағыдай болып өзі қолын да құлшынып алыпты. Өң-түс жоқ, әппақ қудай. Ж.Ахм. ~ Әншейін анда-санда жүрегі ауырып, қаны азайғандар ғана емделіп, қайтып бара жатыр. Бұл жерде де қазақтың неше түрлі білгіш қарт докторлары әппақ қудай болып, ақ халатын киіп, ауруларды аялап жүгіріп жүр. І.Жан. ~ Аққұба жүзінде екі қасының арасы алшақ біткен, қоңыр сақал – мұрты бар әдеміше Әмен әппақ қудай болған. Ж.Ахм.