Не болса соған қайғырды, ренжіді. ~ Е, Бибипатма пірім, жар бола гөр! Е, ата-бабамның əруақтары желеп-жебей гөр! Тілі бардың тілінен сақта, көзі бардың көзінен сақта, жаман қатындардың сөзінен сақта. Кет, пəлекет, кет! Тау айналып кет, сумен келсең, су айналып кет. Асықтырма, жаратқан. Ай-күнін толтыра гөр! – деп сарнай жөнелді. – Өзің де бір жамансың, əрнені көңілге аласың. О несі-ей, тағы шала туайын деп жүрсің бе? С.Досж.
