Екі ұдай, дел-сал күй. Не істерін білмей дағдарып, басы қатты. ~ Қамкөңіл Гүлнаш бір ауық аяп кеткендей де еді. Бірақ ол әрі-сәрі боп, толқып, дағдара бастағанда, сыртта Құтжол шәу ете қалды. Т.Әл. ~ Батылдығың қайда? Әрі-сәрі боп жүре бермекпісің? Іштен желініп, құрисың ғой. М.Сүн. ~ Зағипа шығып кеткеннен кейін де Әсет көңілі әрі-сәрі боп тұнжыраған бейжай күйде қалды. С.Мұр. ~ Өстіп әрі-сәрі боп жүргенімде бір күні әкем жетіп келді. Н.Сер. ~ Екеуі абыржып қалды. Дәурен ып-ыстық қолымен білегімнен ұстай алды. Салондағылар әрі-сәрі. М.Қаб. ~ Шақалақ ақынның: «Тазы емес, төбет емес дүрегейім, Айрандай жаңа ұйыған кілегейім» деген елеңін естуің жоқ па еді? — деп сұрайды. — Естуім жоқ. — Естімесең, дүрегей деген сол. О да емес, бұ да емес, әрі-сәрі деген сөз. Т.Әл.
