Posted in

ӘРКІМ ҚЫШЫҒАН ЖЕРІН ҚАСИДЫ

Әркім өз жағдайын ойлайды, өз шаруасын күйттейді, өз мұңын шағады. ~ Бәрі де әр жерде көзтүрткі болып қаңғып жүрген бала-шағасын ойлап, мұңайысты. Кейбірі көзіне жас та алды. Әркім өз жарасын сипайды, әркім өз қышыған жерін қасиды. Б.Қыд. ~ Сонда бұл Бектемірдің “бүк түссе де менікі, шік түссе де менікі” деуі қай зорлық… Ә- ә, әркім қышыған жерін қасиды деп мұңымды шағып кеттім бе. С.См.