Сонадай жер, дауыс жететіндей қашықтық. ~ Хансұлу еңсесін көтерді. Оң қапталда, әудем жерде қабырғалары жартылай құлаған ескі кесек там тұр. С.Ел. ~ Жерге жел ықтырған ащы кермек түтінін будақтатып, әудем жерді дүрсілдетіп, дүр сілкіндіріп иә шығысқа, иә батысқа қарай пойыздар зулап өтіп жатыр. Ш.Айт. ~ Хайуандық бар міндетін аэропорт басында тауысатындай көк құнажын әудем жерде жалпайып жатқан мес карын вертолетке әдейі барып қасынып, бойындағы артық дүниесін жапалап тастап кетті. Қ.Ысқ. ~ Аты мына жендеттерден құтылғанына мәз болғандай сауырынан қағып жібергенде әудем жерге дейін дүңкілдек желіспен кете берді. Б.Жұм.
