Қас пен көздің арасында; әп-сәтте. ~ Шағын бөлменің далаға қараған үлкен есігі ашық еді. Көріп отырмыз, беткейден ұршықша үйіріліп жынды құйын көтерілді. Әш-пүш дегенше шағын үйді айналып өтті. Д.Дос. ~ Сабылған кісі аяғы мол. Қыламытып қар жауып, жаяу борасын үдей соқты. Әш-пүш дегенше етегі түріліп дүрілдей билеп түске жақын анық жынды боранға ұласты. Д.Дос.
