Қадыр – қасиетін, құнын айырып берді; бір нәрсенің бағасын тұспалдады. ~ … аталмыш қамал-сарайда болып жататын жайлардың бәріне өз долбар-пайымымша баға беретін маған қарағанда, бәлкім, сіздер әрі әділ, әрі шындыққа сай келетін пікір айтатын шығарсыздар. М.Серв. ~ Бұл күнге дейін заңсыздықты біз думанды екі мәжіліс, ішкілік арасында жасап келген едік, мас боп отырып, өмір туралы ойлаушы ек, тамақты сіңіре отырып, адамдар мен оқиғаларға баға беруші ек. О.Бальз. ~ Стайн осы әңгімеге талантсыз жазылған дүние деп баға берген соң, мен оны машинкаға қайта бастырған жоқ едім. Э. Хэм. ~ Балаларды емес, алдымен сіздің суретші әріптестеріңізді шақыртсақ. Бағасын берсін, тиісті гонорары төленеді. Құр аяққа бата жүре ме. Сөйтіп комиссиямен қабылдайық жұмысыңызды. Қ.Жиен.
