Нақты құнын атады, бағасын белгіледі. ~ Бара-бара жиылғандардың назары ең алдымен «бес доллар» деп баға кесетін балаға ауа бастады. БАҚ. ~ Қазақ-орыстың солдатына міну үшін қазына алатын болыс басына мың екі жүзден жақсы ат керек. Ол атты шыққан комиссия көріп, өлшеп алады. Алынған аттар сүйегіне қарай баға кесіледі. Міне, он күннің ішінде осы айтылған әмірді орындайсыңдар!—деп болыстарға тапсырды. І.Жан. ~ Қимылы шапшаң, яғни пысық. Сәлемдескенде-ақ қолыңды қысып, кітабын өзің сұрап аласың, неге өйткеніңді білмей де қаласың. Бағасын кесіп айтпайды, Ініге: «Өзің білсейші!», Ағаға: «Сізге не дейін…» деуінен қайтпайды. Ғ.Қаб.
