Posted in

БАҒЫ АШЫЛДЫ

Жолы болды, бақыты жанды, тасы өрге домалады. . ~ Үстінде ұзын жолдың қалашылар, (Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар). М.Дулат. ~ Сенiң айтар кiнәң болса да, менiң саған артар бiр түйiрдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейлiң үшiн балаларыңның бағы ашылсын, – дедi. М.Әу. ~ Тыңдап болған соң: “ – Ой, алла-ай! Мына қазақтың әні кісі өлтіретін шығар. Не деген ғажап, не деген философия, не деген кеңдік! Жәнібек, енді сенің бағың ашылады”, – деді. Т.Жұрт. ~ Ендігі шешім сол ескі мекен жұрттан шөп дәрі әкелу. Жаратушыдан жақсылық болып тірі оралсақ, араку елінің бағы ашылар. Т.Әбд. ~ Осының алдында ғана бұл кісі Құлымбетов ағаймен сөйлескен екен, «балаңыз зейінді, оқуға ынтасы бар, көп ауырғаны бөгет жасамағанда аттестатында «үштік» бағалар болмайтын еді, дегенмен, журналистік оқуға түсе алса, бағы ашылады», деп жіберіпті. Апам енді директордың сол сөзіне құлап отыр. Б.Тоғ. ~ Әйелдердің қасына аттың тұра қалғанына қарамастан, тебініп-тебініп қалып, Теңгенің басындағы орамалды жұлып алды. Желкесіне түйіп қойған бұрымы сау етіп арқасын жапты. Әкімге Теңге тым сұлу көрінді. «Күйеуі келіп, бағы ашылды-ау, байғұстың», — деді ішінен. К.Қаз