Өмірде жолы болмаған, тағдыры ауыр адам туралы. ~ Шын бағы ашылмаған сор маңдай екенмін. Бұдан да мерт болып өліп кетсемші. С.Жүн. ~ Көз жасы, обалы мойындарыңа! Лайым көздерің ашылмасын! Мейлің итке, мейлің құсқа бер… Ай, бағы ашылмаған, қарағым-ай!.. Надандық-ай-й!..- деп еніреп барып, бүк түсіп жатып алды. С.Торы. ~ ~ Бұлардың ауылындағы ең даусы әсем қыз Ғайни болатын, бірақ сол бір бағы ашылмаған қызға әннен келген қуаныштың шамалы екенін де білетін. Ә.Әл.
