Posted in

БАҒЫ ТАЙДЫ

Дәурені өтті, ырысы шайқалды, құты қашты. ~ Арада сойқан соғыс бола жаздап, ақыры қара ат Керімбайға опа бермей, бағы тайып, шабыстап қалғаны… Ш.Мұр. ~ Төбесі опырылып ішіне түскен ескі қыстау дәурені өткен, бағы тайған тіршіліктің белгісіндей болып түн құшағында мүлгіп тұр. Т.Әбд. ~ Пәлі, саған большевиктердің үгіті әбден өтіп кеткен екен! Халқыңның бағы тайған кезіне куә боп отырған соң, аузыңды қу шөппен сүртесің ғой. Т.Сәу. ~ Демек, қазақ пен жоңғар хандығы қатар тұяқтанып, бір-біріне бетпе-бет бағытта шеңгелін жая қозғалды. Араларын бағы тая бастаған Шағатай ұлысының жұқа ғана шымылдығы бөліп тұрды. Т.Жұрт.