Posted in

БАЗАРҒА САЛДЫ

Саудаға түсірді; әлдебір затын не жеке басының әлдебір қасиетін тиімді пайдалануға тырысты, өткізбек болды; құнын бағамдады, жақсы-жаманын айырды. ~ Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түзетпек, жүріс- тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзіне бар дәулет біледі. Бұл істерінің бәрі өзін көрсетпек, өзін- өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек. Абай. ~ Әркім барын базарға салып, мал таппақ, күнелтпек қой. Шәкет те көзін сатып күлгірленіп отырғаны – күнелтудің карасы. Ж.Айм. ~ Сен неге жатырсың? — Ат ұрладым. Ишим уезінен ат ұрлап әкеліп, базарға салып тұрған жерден ұстап алды. М.Дәул. ~ Жаман болсам шөпірліктен қуыңыз. Екі қолға бір жұмыс табылады. Ал мені жақсы, жаман деп осы қазір базарға салмақсыздар ма?! Бағамды асырын, не жасырмай- ақ қойыңдар. М.Сүн.