Posted in

БАЙЛАУҒА КӨНБЕС ДОҢЫЗ, АЙДАУҒА КӨНБЕС БӨРІДЕЙ

Жөн сөзге құлақ аспайтын кертартпа, қырсық адам туралы. ~ Жөн сөз айтып, жөндем жол көрсетiп тұрған кiнәсiз жанды мықтымсып тарпа бас салған сен емеспiсiң жаңағы?! «Байлауға көнбес доңыз, айдауға көнбес бөрiдей» ойланбай от шығардың. Құн төлегiң келмесе, құдайдан сол жiгiттiң шыбын жанының қалуын тiле, – деген ол бар зiлiн жасырмай. К.Сег.