Posted in

БАҚ ҚҰСЫ ҚОНДЫ

Жолы болып, жұлдызы оңынан туды, көксеген мұратына қолы жетті. ~ Бақытын аялай білді. Қолына қонған бақ құсын үркітіп алған жоқ. Т.Жұрт. ~ Маңдайы күнге күймеген, қас аруларды солар құшқан. Бақ құсы тек солардың басына ғана қонған. І.Ес. ~ Бақ құсы қонды жігіттің батыр қолына, Дүрліктірген Хиуаны. А.Өт. ~ Жұмысқа ертелі-кеш сол машинамен қатынайды. Бастарына бақ құсы қайта қонғандай, үй-іші мәре-сәре… Қ.Жұм. ~ Басына бақ құсы оп-оңай қонған адамнан дүниеде топас адам жоқ. І.Ес.