Азғана болса да, көмек д.м. ~ Біздің елде 56 аз санды ұлт бар. Біз соның біреуі. Адамға зәру ел емес. Жетіп жатыр ғой. Қазақтың қай жеріне қызығасыңдар? Қазақстанның жері кең, адамы аз екен. “Бақа сисе көлге сеп” емес пе? Т.Рыс. ~ Жә, ел ішіндегі бір тентектің еркелігін кешірейік бір жолға. — Көлдей орамал тершіген маңдайды әлденеше сүрткіледі. Сәлден соң асаба өз сүрлеуіне қайта түседі; — Бұл атақ шығаратын бәсеке– жарыс емес, бақа сисе — көлге сеп. Азды — көпке, көпті — Алланың бергеніне балаймыз. Қ.Жиен.
