Жымысқы айла, жалғандық, көзге ұрып тұратын майда қулық. ~ Осы бақай қулығым арада жүрген қазақтар жағынан Елісханның құлағына жетіп қойған жоқ па» дегенді ойлаған Ма Буфаң бекерден-бекер қалтыраған жоқ еді Ж.Шәк. ~ Ертең сөз болып жүрсе сытылып кетуге оңай болсын дейтін бақай қулығы бар-жоғын өзі біледі, әйтеу, пышақтан ат бойын ала қашады. Ғ.Біл. ~ Қалайдан- қалай, енді қалған “күнәкарларды” үштен- төрттен қабаттап қойып, оққа ұстаған. Қандай бақай қулық екені беймәлім, Таңжарық бастаған елудей тұтқын ажалдан аман қалды. Т.Рыс. ~ Арамзалығы ма, аңғалдығы ма, беймәлім. Есіктен кіре еңкейіп, тоңқаңдап төрге шыққан соң, кеудесін керетін қытайдың бақай қулығы есіне түсті Қанаттың. Т.Рыс.
