Тең емес, әлдеқайда төмен, нашар, пар кемейді. ~ Априкеде (Африка) «Сақара» деген ұшы-қиыры жоқ, зор шөл бар. Жер жүзінде мұнан зор шөл жоқ. Біздің бетпақтың даласы Сақараның бақайынан да келмейді. А.Байт. ~ Ал, әлгі біздің алжыған әкей ылғи мені ақмақ, ақылың жоқ деп сөгеді де отырады. Өзінің ақылы менің ақылымның бақайынан да келмейтінін білмейді. Ә.Әб. ~ Ұлының қиғаш жүрісін әкесі Айдынбай да сезген. Бірақ қамсыз- қабырықсыз жанның ол да бақайынан келген жоқ. Т.Рыс. ~ Оралға! Оралға! Қайда барасың дегендерге ол осылай деп жауап беріп келеді. Аздап желпініп алу керек. Алыс жол дегенді ешқандай елең қылмайтыны оның шартабақтай бетінен, дөңгелек көзінен сайрап көрініп тұрғандай, бақайынан да келер емес, Оралға! В.Шук.
