Posted in

БАҚАНМЕН ҰРҒАНДАЙ (САЛЫП ЖІБЕРГЕНДЕЙ)

Оғаш әрекет, дөрекі айтылған сөз туралы. ~ Гүлия жаным, «сіз» дегеніңізді қашан қоясың, осы. Құдай қосқан қосағыңмын, арамызда он жастай ғана алшақтық бар.– Бақанмен ұрғандай «сен» деп айтуға аузым бармайды, қинамаңыз. О.Бөк. ~ Апа, үйге бір қайыршы бала кіріп кетті,— деді, Ғалия мемі танымаған екен. Төбемнен бақанмен салып жібергендей болдым. Б.Соқ.