Жолы болып, бағы жанып д.м. ~ …сүйінші сұрап алақайлаған адамдай, тізгінді жібере салып, екі қолын аспанға жайды, жайды да ұшып түсті, қалай ғана аттан ұшып түскенін өзі де сезбей қалды, бақытына қарай еш жері зақымданған жоқ, ауырған да жоқ … Ә.Тар. ~ Беті бері қарамай тұр-ау Мариямның. Қайдам… Кішкентай күшіктерінің бақытына қарай адам боп кетсе жарар еді, – деп шүңкілдесіп, менімен тілге келгенше болған жоқ, анамның кірпіктері көтеріліп, көзі кең ашыла беріп, маған тесіле қарады. С.Жүн. ~ Түрткілеп келіп тұрған, айтылуға әзір, парасаттың мөлдір бұлағы екенін қайдан білейік. Осы қайдан білейік қой түбімізге жетіп жүрген. Ал білу керек-ақ. Бұл таламдағы небір дарындар, бақытына орай, кезінде өзі секілді дарындарға кездескен. К.Қаз.
