Татулық, етене жақындық туралы. ~ Сол ұрымен осы күнде бал жаласқан құда болып отыр. М.Әу. ~ Туған тілді үй болғанда үйрендім, туған тілді салғыласып үйрендім, Туған тілді бал жаласып үйрендім, туған тілді көші-қонда үйрендім… Ж.Баб. ~ Ендеше, еретіндер екшеле бер, Арыстан, айыпанжы ескере бер. Құда боп, бал жаласып біз қайтайық, Десеңші бұл сапарға дес бере гөр… М.Әу. ~ Сөйтіп, патша мен балықшы шал бал жаласқандай тату болады да, бір дастарханнан ас ішіп, әңгіме дүкенін құрып жата береді. ҚЕ.
