Балаға лайық қылық жасады. ~ Мен білсем тап осының қой мен шошқаның арасынан туған шата. — Жұрт күледі… Райқан ыза болып түйіліп, тұтанып қап: — Ата, қойшы, бала болмай… М.Әу. ~ Сен кімсің? Құдай деген ишарамын… Дуана… Аллай-хақ… Асқар қарнынан салып қалды. — Тек. Бала болма. М.Әу. ~ Қалқам, бала болып кеттің бе, жылама,- деді әкелік ілтипатпен, − Одан да концерттің қалған жағын қалай өткіземіз, соны ақылдасайық. І.Ес. ~ Сол кезде мына балғын денелі келіншектің қасында ол өзін шынымен-ақ бала болып кеткендей көретін. Ә.Нұрп.
