Қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін батырлардың жөн сұрасу дәстүрі; жүйрігі жарап тұр ма д.м. білдіреді. ~ Таласпай мерген үйде ме? Қозу қара ат жемде ме? Жемде тұрып балқи ма? Балақ жүні шалқи ма? Ә.Мар. ~ Бала жөнін айтпайды. Содан кейін Кендебай балаға ашуланады. Сонда қойшы бала айтады: – Кешеден бері күн батқан кезде алты аққу төбемнен айналып ұшады да: Кендебай сал мұнда ма? Керқұла аты қолда ма? Бауда нұры балқи ма? Балақ жүні шалқи ма? – деп сұрайды. Мен тұрып: Кендебай сал мен едім, Керқұла атым қолда еді. Бауда нұрым балқиды, Балақ жүнім шалқиды, – деп жауап беремін. Олар мені қанаттарымен қағып, жығып кетеді. Мен «талып түсем!» – деп жауап береді. “Керқұла атты Кендебай”. ~ Үш ағайындының біреуін алу үшін Көкжендет бір күні Үкіге жетеді. Келе екілене дауыстайды: – Балақ жүнің балпиып, Жалғыз өзің жалпиып, Батырымсып талтиып, Құлағыңды қалқитып, Екі ұртыңды салпитып, Неге отырсың шалқиып?! ҚЕ.
