Posted in

БАЛАПАН БАСЫНА, ТҰРЫМТАЙ ТҰСЫНА

Әркім өзінің қара басының қамын ойлап, тентіреп кетті д.м. ~ Қай жерде тесік болса күштінікі, малдынікі болды. Ысқатқа, төлеуге беретін арық-тұрақ, қатпа қыршаңқылардай, кедей біткен шетке қағылып, іріктелді. Балапан басына, тұрымтай тұсына… Ж.Айм. * Өздерінен өзге тірлік дүниесінен үзіліп қалды. “Балапан басына, тұрымтай тұсына” деген кез жетті. М.Әуез. * Бірақ мына балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен заманда атадан қалған абырой түске де кірмейтін болды. Ел бұзылды. Т.Әбд. ~ Егер Сәйдәлі осы қылығынан жазбаса балапан басына, тұрымтай тұсына кететін жағдай қалыптаспаса не қылсын?! Ғ.Біл.