Posted in

БАР БОЛҒАНЫ

Бар-жоғы осы ғана; басқа ештеңе емес д.м. ~ Бұл жерде қазір бар болғаны жеті үй, он бес адам бар. Ауылдың айналасындағы мына қалқиған жартыкеш қабырғалар мен томпиған төбешіктер қалаға көшкен елдің ескі жұрты. С.Дос. ~ Әліп күліп жібере жаздап зорға шыдады. Аяқастынан қалай жалтарып кеткенін өзі де абайламады. Аузына домаланып сөз түсе қалды. Сол ыңғаймен қабағын тыржитты. Бар болғаны осы. Оған Мәмбетнияз үлкен әлекке қалды. М.Әбд. ~ Тоқтас енді не дерін білмегендей, бар болғаны маңдайына түскен шашын сипай берді. Т.Нұр.