Зілсіз өкпе, кею ретінде, көңілге келмейтіндей етіп сөгу.
~ Жарас (Жантыққа кекетіп, мысқылдап). Уай, бар болғыр, бұ жақсы кісінің ажарын сақтау дегенді білсеңші бір, сен де. Сый құдаға сыпайы сөйлемейтін бе? М.Әу. ~ Бар болғыр, қор бишара, әке больп игілік көрсеткен күнің бар ма еді? — деп сол орнында тұрып тағы да аяғының астын сипалайды. М.Әу. ~ Әлде арбасы бар болғыр соғып тастады ма, әлде ішің ауыра ма?.. С.Жүн. ~ Бар болғыр балалар мұрындарын шүйіріп, нанды алмай, шегіншектеп кетеді. Қайран тоқшылық-ай десеңші. Ш.Мұр. ~ Сол стақаны бар болғыр жалғыз Әділ емес, осы елде, қала берді қызмет істеп жүрген біздің үйімізде де жоқ, – деген әдеттегідей Бөлекең шайып-жуып. С.Баяз.
