Қанағатшылдық; құдайдың бергеніне шүкір дейтін тоқмейілдік туралы. ~ Жұман момын адам: кісіден тіленбейді, кісіге жағынбайды, бес уақыт намазын оқып: «А құдай, бергеніңе шүкір» деп, барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз. Ж.Айм. ~ Бәрі ағаштан жасалған, бәрінің ернеуі кетік-кетік. Ғазиза марқұм дүние-мүлікке мән бермейтін жан еді, барға қанағат, жоққа салауат айтып жүре беретін. Д.Әш. ~ Сен маған: балаңа талап қоймайсың — дейсің. Аспанда бір құдай бар ғой! Мен оған айта-айта жағым талған. Ал қазір қойғанмын, ақпақұлақ қой ол, айтқаннан не пайда! Енді барға қанағат, жоққа салауат. В.Рас. ~ Бақ сынағанның айыбы жоқ, көз жетер жерден арғыны көре алмай, заманына ере алмайқалған үйкүшіктік – айып, барға қанағат, жоққа көнбістік – айып. К.Сег.
