Posted in

БАРҚАДАМ ТАПТЫ

Шапағаты тиді, пайдасын көрді. ~ Орайы келіп, оңтайына ілінген іс қана діттеген жеріне жетіп, барқадам табады. Қазақ мұны «ұқсаттыру» дейді. Т.Жұр. ~ Ол осы теріс әдетінен барқадам таппаса да, сүйекке сіңді мінезден қартайғанша арыла алмаған екен. БАҚ (“Сыр бойы”). ~ Қасиетті қазақ шапанын, дінімізді, тілімізді, ұлттық дәстүрімізді білмейтін, білгісі де келмейтін, менсінбейтін кім көрінген қайдағы бір кірмелердің иығына жауып, не барқадам таппақпыз? Ж.Көк. ~ Тіпті, Әзілхан екеуінің бір оқиғаны жеріне жеткізгені сондай, екеуі де егіздің сыңарындай екі хикаят жазғаны бар. Ақыры өздерінің осы тәсілдерін баспасөз арқылы түсіндіріп барып, барқадам тапқаны бар. Т.Жұр.