Жөн-жосықсыз; қалай болса солай. ~ Өлеусіреген сәуле бірде оң, бірде сол жақта сығырыңдап, әлгінде ғана бас-көзіне қарамай салдыр-күлдірлеп келе жатқан машина кілт баяулап, соқыр кісіше жолын сипалап қалады. Ә.Нұрп.
~ Жалпы сен жақсы айттың, бала. Бірақ… бірақ осы сендердің сұрақтың берекесін қашырып, бас-көзге қарамай төпелей беретіндерің қалай? Д.Әш. ~ Біледі, тамаша біледі. Бірақ министрліктің бөлім бастығына дейін көтерілу оңай дейсің бе? Ол дегенің бар уақытыңды бас-көзге қарамай тартып алатын оппа обырдың нақ өзі. М.Қаб.
