Басын көтермей, беріле оқу, жазу туралы. ~ Кiтаптан бас алмай, үнсiз бiр сопыдай сарылып отырып қалған Абай үй мен тыстан бiрдей, беймезгiл күз салқынын сезедi. М.Әу. ~ Шоқан осы үйдің өз баласы сияқты болып кетті. Сонда үнемі бас алмай оқитыны кітап. С.Мұқ. ~ Ахметовтің сол жағында Оспанов столға жабысып алып сүйкетіп жазып жатыр. Бас алмай жазуына қарағанда, тегі, мәжіліс хат жүргізіп отырған болар. Б.Соқ. ~ Мен ол беттердің бәрін дастарқандағы тәттінің бірінен соң бірін сұрап, қол созған баладай болып, бас алмастан оқи бердім. Ә.Нұрш.
