Тентек мінезі, өзімшілдігі бәсең тартты, жөнге келді д.м.
~ Жан керек деп айта алмағанмен, әншейінде құлағына қол апартпайтын жас жігіттің ақсүйектерге тән жан тәттілігі иін жұмсартып, бас асауы басыла қалған екен, өзінен зорды көрсе көлгірсіп, күлімсірей қалатын ата ғадеті ме қалай, ырсыңдап күле берді. Ғ.Біл. ~ Оның аузынан осы келіп отырған қасың емес, досыңбыз, ойлан, Сибан, деген бір ауыз сөз шықса, Сибанның, бас асаулығы басылып-ақ қалар еді. Ғ.Мүс. ~ Оның үстіне авторы бас асауы басылмаған, сырбаздығы мен сыншыл ойы тең өрілген, өзіне- өзі және келер оқырманның жоғары бағасына қатты сенетін, мақтағаныңның өзінде бір сөзіңнен ши шықса жазғаның үшін өкінетіндей ғып жазғыратын, шамшыл да шыншыл Мұхтар Мағауин. Т.Жұрт.
