Алаңдамайды, уайымдамайды; ойлап, басын қатырмайды. ~ Ақан жымиды: Серік ақыл айтуға сұмдық құмар. Ең өкініштісі, ол ақылы басқаларға керек пе, жоқ па, оған бас ауыртпайды. М.Қаб. ~ Олардың үйінде əкелері нағыз ƏКЕ, əйелі мен балалары не кием, не ішем деп бас ауыртпайды. С.Досж. ~ Бірақ солардың едәуірі мемлекетті тегін астай көріп, не бас ауыртпайды, не алақан тоздырмайды. Ғ.Біл. ~ Олар үшiн Отан – жейтiн нан, киетiн киiм, мiнетiн машина, тағатын алқа… яғни қарынның қажетi ғана. Идея үшiн бас ауыртпайды. Т.Сәу.
