Жасырынып, тығылып, жан-жағына сақтана қарап д.м. ~ Сендердің көрген– көрмегендеріңді білмейім, дәл сол кезде ауылдың алдындағы дөңде аттарын ұстап, бас бағып үш кісі отыр емес не еді? Соның бірі Серікбай Әділге: — Әне, әне, әне, ән салған дауыс Зылиқаның даусы! Әне, жіңішке дауыс Марияның даусы! Әділ, қалыңдығыңның даусын есіттің бе? Шәк. ~ Аяғының ұшымен ептеп басып терезе түбіне барды да бас бағып, сығалады. Қарап қалды – селк етті, оқ тиген аңдай, жарқ берді… Сұмдық! .. Хатиматайды құдай ұрыпты! .. Қойнында еңгезердей біреу жатыр. Ж.Айм. ~ Мінекей, мынау үңірейіп, аңырап жатқан құр өзен. Жылқыны талай буып тастап, бекінетін құр өзен. Кемеріңде бас бағып қарауыл қарап жататын құр өзен. Ж.Айм. ~ Тимофей қарт көк ала мұрт басқан аузын бір бұраң еткізді де, кетіп қалды. Баранов терезеден ақырын бас бағып қарап еді, ол Интернационалды» ақырын әндетіп кеңсеге қарай кетіп барады екен. Ә.Әб. ~ Олар аюдың терісіне таласып, қырылысып жатқанда, орманның алаңында бас бағып, қызыға қарап, мұртынан күліп аю– екеңнің өзі тұрды. Ж.Айм. ~ Теріні сілкіп– сілкіп қанжығасына байлап алды да, жебені қолынан тастамай атқа қонды. Жан– жағына абайлай қарап, сақтанып барады. Мына жебенің иесі бір жерде андып, бас бағып отырғандай сезінеді. С.См.
