Ырқына көндірді, асауды қолға үйретті. ~ Сол түрікменнен алған түйлерін әр үй бір-бірден байлап, саумақ боп, итбағаштап үйреткен. Түгелдің үйі де бір қызылшұнақ аруанаға бас білдірген. Ү.Жлк. ~ Жылқышы боп жүргенде талай асауды бас білдіргені бар. Ә.Нұрп. ~ Адам бойындағы асаулықты да соңыра тақымға салып бас білдірсек бірдейліктен не қалады? Ә.Нұрп. ~ Аузың қайсы десе, мұрнын көрсететін дүмшені алажаздай арпалысып аздап бас білдіріп жетекке еретіндей еткені рас. Т.Сәу. ~ Қазір ойлап қараса, оның мына сөзінің ар жағында “сені де бас білдірем” деп бұған қыр көрсеткен күш жатыр екен. Ә.Нұрп.
