Көңілі болмай, ашу қысты, тұнжырай қалды, долырды. * Өрік өсекші қатындарды бауырына тартып, береген кісісі болды. Жар дегенде Өрік Ұрқиямен ұстасты: Ақбілекті азғырып, өзіне қаршыға қып салатын Ұрқия деп ұқты; Ұрқия келсе, бас терісі аузына түсіп, кірпідей жиырылды. Ж.Айм. ~ Күмісбай түрғаннан соң оңбасына көзі жетті. Ұрындық бас терісі аузына түсіп, қапты жүлқылап, әкелген тезегін төге бастады. Ж.Айм. ~ Жирен орыс манағыдай емес, Ақбілекке өліп-өшкенін қойып, бетінен түгі шығып, әкесі өлгендей, бас терісі аузына түсіп кетіпті. Ж.Айм. ~ Езуіндегі ымды теріс қарап тұрып та оқи беретін тас кереңнің Қылаңхан десе бас терісі аузына түсіп, қарадай тұлан тұтатын жыны бар. Қ.Ысқ. ~ Әжесі уайым-қайғылы сөйлесе де, артық қарсы болған жоқ. Қартқожаның оқуға барам дегенін ауыз үйде жүрген қатыны есітіп тұрған екен. – Немене тағы? Бармайсың оқуға!- деді бас терісі аузына түсіп. Ж.Айм.
