Етене араласты, басшылық етті, ұйымдастырды; әлдебір оқиғаны көз алдында өткерді. ~ Осы жұмысқа он шақты қазақ жастарынан бригада құрып, өзі үш-төрт күн басы-қасында болып үйретті. Ғ.Мұст. ~ Соның басы-қасында болады, кірпіш санайды, топырақ, цемент түсіреді, сылақшыларға көмектеседі. Демалыс дегенді ұмытты. Н.Дәу. ~ Өйттім-бүйттім деп көкірек қаға алмаймын. Көбісі есімде қалмапты, басы-қасында болған жоқпын. Өз басымның қатысы шамалы. Ш.Айт. ~ Жақсы ата-ана осылай баласының тәрбиесін өзгелерге тапсырып, өзі жанын күйттеп, шығанға шығып кетер ме еді? Әй, кетпес еді-ау? Қашан өз нанын өзі тауып қолы аузына жеткенше бәйек болып, басы-қасында жүрер еді-ау? Е.Әлімж.
