Posted in

БАСЫ ЖОҚ, АЯҒЫ ЖОҚ

Белгісіз, жөн-жосықсыз. ~ Жұмыс үстінде Өкембай әндетіп ыңырсып отырады да, басы жоқ, аяғы жоқ бір сөзді қойып қалады: — Шіркін, Мәскеуді бір көрсе! Б.Соқп. ~ Осы кісінің аты-жөнін де жөндеп біле бермеймін. Рабайсыз далиып жатқан осынау басы жоқ, аяғы жоқ қазақ даласының қай жерінен, қай елінен екені жөнінде де хабарым жоқ. Ә.Нұрп. ~ Біраздан соң тіпті ыңылдап ән сала бастады. Басы жоқ, аяғы жоқ көңілді әуен. О.Сәрс.