Posted in

БАСЫ ҚАЗАНДАЙ

Бас пішіні тым үлкен, қазанбас. ~ Басы қазандай, өзі төртбақ болғандықтан ба, Бураш деген аты жаңа таныстарының арасына сіңе қоймады, орысша жақсы білетін станса балалары оған ілкіден “квадрат” деген айдар тақты, сол есім өзіне қона кетті. Ә.Тар. ~ Екі бүркіт биікке самғап ұша
жөнелді. Ертеңіне күн шығып келе жатқан мезгілде бүркіттің біреуі бет–аузы қожыр–қожыр, екі иығына екі кісі мінгендей, басы қазандай, шүңірек көз қара кемпірді Толыбайдың алдына әкеліп тастады. М.Әбд.