Posted in

БАСЫ САНДАЛДЫ

Не істеп, не қоярын білмей миы шатысты, адасты, алданды, босқа әбігер болды. ~ Шет жерде жалғыз басым сандалыппын, Сағымды мөлдір су деп малданыппын. Бағасыз саф алтын деп мысқа ұмтылып, Жасықты асыл көріп, алданыппын. М.Жұм. ~ Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қылт еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар?! Көмексіз көзің, Бір жалғыз өзің Баға алмай, басың сандалар. Абай.