Posted in

БАСЫ ТАСҚА ТИДІ

Оқыс кедергіге тап болып, тығырыққа тірелді. ~ Пәуескеде селкілдеп, тербеліп келе жатқан Саурықта үн жоқ. «Басымның тасқа тиген жері осы ма? Қойшы-қолаңнан жеңіліп, Саурық, саған не болды? Ә.Шәр. ~ Өмірдегі – басын тау–тасқа ұрып, тіршіліктің көбігін қалқып, күнәға белшеден батып пашпырты біткен Мырқы мүсәпір. Қазір ғой басы тасқа тиген бекіре балыққа ұқсап, теңселе түсіп, күрсінгенде көкірегі көкке жетті. Д.Дос.