Posted in

БАСЫН БӘЙ ТІКТІ

Өмірін құрбандыққа шалды. ~ Бірақ елі үшін басын бәй тіккен асау Мәулісана ешбір сағатта өз еркімен ата жауының мазағы болғысы келмей жүріп, санадай сарғайып, бала көтерместен жастай қырқылады. Ж.Ахм. ~ Алтайда Абақ керейлерін бастаған белгілі Оспан батыр күні бүгінге дейін үкіметке алдырмай, Бәйтік тауында басын бәй тігіп соғысумен келеді. Ж.Ахм. ~ Олар тірлігінде бір кісідей азабын тартты ғой. Соның залалды екенін біле, көре тұра басын өлімге бәй тіккендердің өз обалы өзіне. Отқа түскен жынды көбелектер- ау! Т.Рыск. ~ Мұндай сұмдықты туада көрмеген жас қыздар мен балауса жігіттер өмірлеріне төнген қатерге қарамастан, ар- намыс, әділет алдында, бастарын бәй тіккен сияқты. – Қазақстан – қазақтікі! Т.Рыск. ~ Тақта таста: “Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. Еркек тоқты құрбандық,Атам десең атыңдар! “- деп елінің тәуелсіздігі үшін қыршын жанын қиюға қара басын бәй тіккен өз өлеңі жазылыпты. Т.Рыск.