Posted in

БАСЫН ИДІ

Мойын ұсынды. ~ Алмаспаса, өзгермесе бұ дүние, Жақсы-жаман тұрса өзінің қалпында! Бірақ білген, солай қылған Тәңірі ие, Мен де көндім, басымды идім алдында. М.Жұм. ~ Лермонтовтың «Ақын өлімін» Жансүгіров былай аударған: «Ақын өлді – ардың құлы құлады, Менмен басын иді дағы сұлады». З.Қаб.
Ілтипат көрсетті. ~ Шамасы, халқын ойлап қиналатыны ғой. Әзімді аяп кетті де, қолын ұстап үнсіз қысып еді, тілсіз ықыласыңды о да үнсіз қабылдап басын иді. Ә.Нұрп. ~ Алғашқы екі өлеңін жұрт самарқау қабылдағанына өкпелі әнші әйел, бұл әнді ерекше тырыса, бар өнерін салып айтып бітті де, жұртқа қарап, қол шапалақтау күтіп, басын иді. Ә.Нұрш.