Азан-қазан қылып, шу көтерді; дүрліктірді. ~ Мәмбеттің болыстығын өзіне әперуге «келген шығар…» деп әрқайсысы өз ойындағысын айтып, даланы бастарына көтеріп, гүрілдесіп отырғанда маңдайынан тер шығып, бөркін қолына ұстап үйден Бекжан шықты. М.Дул. ~ Сол күні ол сонау көшенің басынан әлденені қуанадауыстай айтып, жаңа ғана қыбырлай бастаған ауылды басына көтерді. Ш.Айт. ~ Сиырлар өкіріп қойға араласты. Малдың дауысы мен ауылдың иттері де желігіп жайлауды басына көтерді. Ж.Айм. ~ Арандай ашылған үш-төрт сарыауыз өршелене шиқылдап үйді басына көтереді. Т.Бер.
