Өмірде басынан өткерген оқиға, жәйт, сезім, заман; өзі көріп-білген оқиға туралы. ~ Әсіресе, бұрын тұсаулы аттай ғұмырды басынан кешірген поэзияның шоқтықты жанры – лирикаға қанат біте бастады. Ш.Сари. ~ Өзінің басынан кешірген не түрлі уақиғаларын және кемпірдің айтқан сөзін айтып, еңіреп қоя берді. С.Ом. ~Ол бакыттың бағасын өз басынан кешкендер ғана біледі. С.Дос.туралы. ~ Ойлап отырса, содан бері ол талай-талай қуанышты да, қайғыны да басынан кешірді. С.Ом. ~ Бір сәтте нешетүрлі күйді бастан кешірдім, тіпті миым ойлауды ұмытып қалғандай болды. Ж.Шам. ~ Қолындағы микрофонды қыса ұстап, әуезді саздың иіріміне шым-шым батып бара жатқандай бір ғаламат сезімді бастан кешірді. А.Үс. ~ … кешегі алдынан жан баласы өтпейтін Сталин дүрбелеңін, берідегі жуан жұдырығымен ауаны түйгіштеп «кускинь мать!» – деп кіжініп сөйлеген Хрущев, жазылған парақты қолынан сұсытып әзер оқыған Брежнев, сосынғы тәуелсіз ел боп ес жию кезеңін бастан кешірді. Д.Дос.
