Posted in

БАСЫНЫҢ САҚИНАСЫ БАР

Жиі-жиі ұстап қалатын бас ауруы туралы. ~ Айқай-шуды жақтырмаймын, тек өлі тыныштықты қалаймын. Басымды таңып алып, жатқанды білем. Не ұйықтап тұрсам, не құссам, сонда тәуір болам. Жұрт енді мені: – Бұның басының сақинасы бар, – дейтін болды. Б.Соқ. ~ Күн бата бір қазандық үйіне келдік. Бұрыннан түсіп жүрсе керек, әкемді танып қондырды. Тәтемнің тамыршы екенін біледі екен, тамырын ұстатып, басының бұлтты күні ауыратыны, сақинасы бар екен, қан алдырып, келесі күні де сонда болып ат күйледік. Ертеңіне орыс деревнясына келдік. С.Бег.