Posted in

БАТҚАН КҮНМЕН БІРГЕ БАТТЫ

Өмірі батқан күнмен бірге қиылды. . ~ Астындағы болдырған Көкжорға да тұрып қалады. Бекежан болса, оның сыртынан жасырын келіп атады. Егер Бекежан бетпе-бет келсе, Төлеген бой бермес еді дейді жыр. Сонымен, Төлеген батқан күнмен бірге қапыда өледі… С.Қасқ. ~ Сен барып бәрін түгелдеп, қалдырмай айт! Егерде мені шынымен Боранбай баласына сатса, міне, бір тәңірге аян болсын, мына батқан күнмен бірге батайын, тәңір алдында қолым жағаларында болады! С.Сей. ~ Ол жадыраған сайын Сәлімнің жаны қысылып, бар үміті сонау қарағайлы қырқадан асып кеткен күнмен бірге батып бара жатқандай түнере түсті. Ә.Әб.