Posted in

БАУДАЙ ТҮСТІ

Қырылып қалды, бәрі бір адамдай әлдебір кеселге тап болды, бірінің үстіне бірі құлады. ~ Әжем сол шөптерді сүтке қайнатып, кейде құр суға салып ас жасайтын. Біз соны жеп қанағат етеміз. Бірде сондай көк сорпаны ішкен соң, бір сағат өтпей жатып шетімізден баудай түсіп құлағанымыз бар. Б.Мом. ~ Бұрыла беріс басқа бұлымнан cap – cap еткен шалғы дауысы, баудай түсіп жатқан атан бел дестелердің сыбдыры естіледі. Ш.Мұрт. ~ Қолындағы семсері сермелген сайын, сан дұшпан баудай түссе, лықсып келген қалың қол жартасқа соғылған толқындай болып орнын басады. А.Сей.