Posted in

БАУЫР ЕТІ БАЛА

Бел баласы. ~ Немере бауыр еті баладан гөрі ыстық. Әжең нені ойласа, соны айтатын ақ көйлек адам. Кезінде бүкіл ауылға ерке келін атанған, бетін бар, жүзің бар демей тура айтады»,- дейтін көкем де. М.Қаб. ~ Буддаға астындағы алтын, күмбезді сарайынан, сұлу жардан, бауыр еті баладан, жан қиысқан достардан безіп, бүкіл Үнді жерін жалаң аяқ, жалаң бас қайыршы боп безіп кетуіне себеп болған не? Т.Әбд. ~ Қайғы жамылып, қасірет арқалап жүр ме екен?! Сыңарынан айырылды ма, жоқ әлде бауыр еті – балапандарын жоғалтты ма?! Д.Рам.